Мемлекеттік тілді қолдамады: Қырғызстан ресейлік арналардың хабар таратуын тоқтатты

5526

Қырғызстанның реттеушісі кейбір ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты. Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін жергілікті телеарналарға лицензиялық бақылау жүргізілген. Ол «Телевизия және радиохабар тарату туралы» Қырғыз Республикасының заңында белгіленген лицензиялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында жасалды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған Ереженің 31-тармағына сәйкес бұрын ескерту және айыппұл салынған телеарналарда мемлекеттік тіл және өндіріс туралы ережелерді сақтау бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты аналогтық хабар таратуға және цифрлық хабар тарату пакетіне теле-радиоарнаны орналастыруға, таратуға рұқсат келесі телеарналар үшін тоқтатылды: «8 канал», «РТВ Медиа», «НТВ КейДжи» және «Домашний».

«Айта кетейік, берілген рұқсаттың күшін жою туралы берілген өтініш негізінде REN TV арнасы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирге шығуын тоқтатады», - делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket