Қазыбек Иса "Жылдың үздік депутаты" атанды

7229
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың әр саладағы үздіктері әлеуметтік желіде сауалнама арқылы анықталды. Аталған сауалнамалардың ішіндегі ең қызықты, тартысты өткені, барынша көпшілік қауымды қамтығаны "Жылдың үздік депутаты" аталымы болды. Бір апта бойы жүрген сауалнама нәтижесінде Қазыбек Иса "2021 жылдың үздік депутаты" аталымын жеңіп алды.

Аталған сауалнамада Қазыбек Иса Мен Ерлан Сайров өзара тең дауыс жинап, жанкүйерлерінің көптігімен көпшілікті таң қалдырды. Қорытынды шығаруға бір күн қалғанда Ерлан Сайров біршама дауыспен алда келе жатқан Қазыбек Исаға жолын беріп, құрмет көрсетті.

Айта кету керек, Қазыбек Иса — қазақ тілі үшін шырылдап отқа да, суға да түсіп, елдегі бірқатар мәселелерді көпшілікке жеткізіп жүрген  нағыз азамат.

"Адырна" ақпараттық агенттігінің бас редакторы Арман Әубәкір "Жылдың үздік депутаты" аталымына ие болған Қазыбек Исаға марапатын табыстап, елдің алғысын жеткізді. Ел ағасына марапатыңыз құтты болсын дейміз!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер