Таир Мансұровқа І дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді

2902
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Еуразиялық даму орталығының бас директоры, саяси ғылымдар докторы Таир Мансұровқа І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "kazembassy.ru" сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Таир Мансұров «мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері және еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» жоғары наградамен марапатталды».

Таир Мансұров Қазақстан басшылығына жоғары наградасы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің негізі қаланған жылдарда айтулы оқиғаларға қатысқаны үшін мақтаныш пен шабыттанғанын атап өтті.

Сондай-ақ жас дипломаттармен тәжірибесімен бөлісіп, «Биліктің сабақтастығы, сынақтары мен интригалары. Қазақстан және әлем көшбасшылары. Билікті берудің әлемдік тарихы және қазақстандық тәжірибе» тты кітабын сыйға тартты.

Шара соңында Таир Мансұров қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, елімізге тыныштық пен береке тіледі.

 

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер