Шымкенттік такси жүргізушісі: Айына 700 мың теңгедей табамын

2473
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік такси жүргізушілерінің бірі табысы туралы айтты. Оның айтуынша, жұмыс көп күш-қуатты талап етеді, бірақ дәл осы жұмыс үй салуына бастама болған, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізушінің айтуынша, ол қазір айына 700 мың теңге табады. Ол мұндай ақшаны ешқашан алмағанын мойындады.

"Карантинге байланысты мен жұмыстан босап қалдым. Lexus көлігімді сатып, қарапайым көлік алып, такис болуға тура келді. Мен көлікті сатудан түскен ақшаның бір бөлігін ипотекаға салдым, үй салуды бұрыннан армандайтынмын. Такси қызметінде жұмыс істей бастағанда алғашында шаршадым. Таңғы сағат 5-те тұрып, түнге дейін жұмыс істедім, әйелім мені уайымдап, жиі сөзге келіп қалатын болдық. Қазір мен басқа такси компаниясында жұмыс істеймін. 1 жылдан бері Яндекстің тапсырысы бойынша жүремін, кестем бар, айына шамамен 700 мың теңге аламын. Үйге ақша жинауға мүмкіндік туды, әйеліме гүл, сыйлық алуға ақша болады. Осылай жағдайым жақсарды", - деп мойындайды ер адам.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер