Тайвань билігі омикрон штамын Алматыдан келді деп жариялады

3126
Adyrna.kz Telegram

Тайвань коронавирустың омикрон штамын Алматыдан әкелді деп жарияласа, Қазақстанда осы уақытқа дейін бұл штамм неге анықталмады?

Бұл сауалға қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында жауап берді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бізде штамдардың геномдық секвенирленуі жалғасып жатыр. Алматыда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша омикрон штамы анықталмады, үлгілер Нұр-Сұлтанның зертханаларына жіберілді. Хабарламада жұқтырғандардың Оңтүстік Корея арқылы ұшқаны айталады. Демек, оларды Алматыда ауыру жұқтырды, Қазақстаннан алып келді деуге ешқандай негіз жоқ. Бұл үшін аталған елдің әріптестері транзиттік ел арқылы ұшып келгендерін ескере отырып, тергеу жүргізуі қажет", - деді Байғабылов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер