Қазақстанның тауарлар мен қызметтер экспорты 19,9 млрд долларды құрады

3803
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы 10 ай ішінде Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты 19,9 млрд долларды құрады. Бұл Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өңделген өнімдер экспорты өткен жылмен салыстырғанда 28,3%-ға артып, 15,9 млрд долларды құрады. Қызметтер экспорты 4 млрд долларды құрады.

Дәстүрлі түрде өңделген өнімдердің 3 үздік нарығына мыналар жатады:

- Қытай (3,7 млрд доллар, 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 0,3%-ға аз);

- Ресей (3,1 млрд доллар, 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 47,7%-ға жоғары);

- Өзбекстан (1,3 млрд доллар, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,1%-ға өсті).

Қазақстанның Сауда министрлігі 2021 жылы алғаш рет Пәкістан, Таиланд, Филиппин және Мексика сияқты елдерге экспорттық жеткізілімдер жасағанын тілге тиек етті.

Жыл соңында өңделген өнім экспорты 25 миллиард долларға жетеді деген үмітте.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер