Қостанайда балаларды өрттен құтқарған бесінші сынып оқушысына көлік сыйға тартылды

2694
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған «Аллюр» компаниялар тобы Олег Пирогқа отандық шығарылған Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыс етті. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Мен, жас қаһарман Олегке ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыс еттім, Олег те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Олегтің анасы Валентина Пирог ҚР Алғыс хатымен марапатталды», - деді облыс әкімі.

Ел Президенті студенттің батылдығы мен қайсарлығы үшін ризашылығын білдірді.

«Осындай жас болсаңыз да сіз нағыз ерлік жасадыңыз, қиыншылықта қалған балаларға батылдықпен және ойланбастан көмекке келдіңіз, үлкен қайғылы оқиғаның алдын алдыңыз», – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Мен Олегтің ата-анасына балаларға лайықты тәрбие бергені үшін тағы да алғысымды білдіремін. Олегтің әрекеті балаларға ғана емес, ересектерге де үлгі. Бұл ретте директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің атынан «Allur» компаниясына Мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды әкім.

Еске сала кетейік, Қостанайдағы «Бағбан» саяжайында 25 желтоқсан күні түскі уақытта өрт болды. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, қою түтінді көрген. Көршілердің саяжайы өртенген. Студент ойланбастан көмекке ұмтылды. Үйде екі жастан сегіз жасқа дейінгі төрт бала болған. Оларды өртеніп жатқан ғимараттан алып шығып, киімдерін берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер