Ауғанстанда мыңдаған адам тәлібтерге қарсы көтерілді (ВИДЕО)

3558
Adyrna.kz Telegram

Мыңдаған ауғандықтар Панджшир губернаторы кеңсесі алдында тәліптердің «кінәсіз азаматты» өлтіруіне қарсы наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Демонстранттар Талибан күштері Панджшир провинциясының Анава қаласында жазықсыз бейбіт тұрғынды атып өлтіргенін айтты. Панджшир қауіпсіздік басқармасының басшысы Абдул Хамид Хурасани тұрғындардың бірін  жалған ақпараттың кесірінен тәліптердің өлтіргенін растады.

Наразылық білдірушілер тәліптер әділдік үшін күресіп, кінәлілерді жауапқа тартуы керек деп санайды. Осыдан кейін Ауғанстан Ислам Әмірлігінің басшылығы халыққа мұндай құқықбұзушылыққа барған әрбір адам жауапқа тартылады деп уәде берді.

«Оны қауіпсіздік күштері алған дұрыс емес ақпарат негізінде өлтірді. Халық наразылық білдіріп, әкімдікке келді. Ислам Әмірлігінің басшылығы халыққа мұндай әрекетке барған кез келген адам жауапқа тартылатынына уәде берді», - делінген ведомство басшысы хабарламада.

Хурасанидің айтуынша, жергілікті шенеуніктердің наразылық білдірушілермен сөйлескені және наразылық 26 желтоқсан күні кешке аяқталғаны белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер