Павлодарда оқушылар автобусы өртенір кетті

3067
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында тасжолда оқушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлікте 6 бала болған, - деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болған.

"Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды", - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, оқиға кезінде көлікте болған өртсөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Оқушылар зардап шеккен жоқ. Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнындағы видеоларды жариялады. Видеодағы жазбада тәлімгердің жүргізушімен бірге отырғаны, ал балалар өздері есікті ашып, секіргені айтылады. Бірақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер