Қазақ қызы велосипедпен Мексикадан Канадаға дейін барған

3918
Adyrna.kz Telegram
Әйгерім Әлімова рекордтық қысқа мерзім ішінде 4000 шақырымнан астам жолды жүріп өткен. Ол бұған  дейін Еуропа, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Түркия және Қазақстанның бір бөлігін велосипедпен жүріп өткен болатын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Еуразия " бірінші арнасы.

Мексикадан Канадаға дейінгі жол әлемдегі ең ұзын және қауіптісі болып саналады. Орта есеппен саяхатшылар оны жарты жылда еңсереді, ал Әйгерім оған 4,5 айын ғана жұмсаған.

Дайындыққа екі жылға жуық уақыт кеткен. Қыз қажетті құрал-жабдық сатып алып, жол сапар шолуларымен танысып, қанша салмақта жүк алып жүре алатынын есептеді. Әйгерім өзімен бірге шатыр, ұйықтайтын қап, төсеніш, тамақ пен су алып жүрді.

Діттеген соңғы нүктеге көбінесе барлық сапарлаушылардың үштен бірі ғана жетеді, өйткені жол өте күрделі. Саяхатшылар тау асуларынан өтіп, суық пен ыстыққа төзіп, жауын-шашынды күндерді де бастан кешеді. Олар кейде ассыз, сусыз қалуы мүмкін.

Бірақ Әйгерімнің айтуынша, бұл алыс сапардағы ең қорқыныштысы емес, бәрінен қауіптісі – жолда жабайы аңдардың кездесуі.

"Мен қара аюды кездестірдім, бұл Вашингтонда болды. Ол да жол соқпағымен тура маған қарама-қарсы шықты. Менің басқан қадамдарымды естімеген секілді, өйткені ол маған екі метр қалғанда кілт тоқтады. Ол тез арада қашып, тұтқиылдан екі қолын көтеріп маған қарап тұрды. Сөйтіп менің не істеп жатқанымды байқап көрді. Ал мен тек состиып тұрдым, оған ешқандай агрессия көрсетпедім, содан кейін ол ары қарай кетіп қалды", — дейді саяхатшы Әйгерім Әлімова.Әзірге Әйгерім үшін саяхат жасау тек хобби қана, бірақ ол оны жобаға айналдыруды жоспарлап отыр. Болашақта ол басқа танымал туристік маршруттарды да басып өтпек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер