Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды

3162
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Мұндай бұлтартпау шарасын Атырау облысының соты 22 желтоқсанда санкциялады. Енді Хаменова екі ай тергеу изоляторында отыруы керек.

Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірді.

Айта кетері, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("қомақты мөлшерде пара алу") бойынша тергеліп жатыр.

Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер