Жер телімін сатып алу үшін зейнетақы қорын пайдалануға мүмкіндік ашылды

2589
Adyrna.kz Telegram

«Отбасы банкі» жер телімін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігін іске қосты, деп хабарлайды LS.

Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мәміле жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық үшін тағайындалған мақсатпен жүзеге асырылуы мүмкін.

"Бүгін, 22 желтоқсанда біз бұл айтылған дүниені мақсатты түрде платформада іске қосуды жоспарлап отырмыз. 24 айдың ішінде бұл учаскеде үй тұрғызып, өз жоспарын растау үшін банкке құжаттарды тапсыру қажет", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте Ибрагимова банкке пайдалануға қабылдау актісі мен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қажет екенін түсіндірді.

Құжаттар enpf-otbasy.kz платформасында онлайн беріледі.

Бұған дейін «Отбасы банкі» басшысы тұрғын үй нарығындағы баға ахуалының қалай өзгергені туралы өз пікірін айтқан болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер