М. Әуезов атындағы оқу мен мектеп директорлары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум түзілді

2162
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Шымкент қаласы мамандандырылған мектеп директорлары арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Дарын орталығында өткен іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің академиялық ғылым департаментінің директоры, химия ғылымдарының докторы Ұлжалғас Назарбек және №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Аят Алжанова, №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Сапарғали Сауранбаев, «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының директоры Асылхан Усипбеков, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясының директоры Айнұр Сахова, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры Арман Орынбеков , №41 А.С.Макаренко атындағы мектеп-лицейінің директоры Айна Сарымсакова, №79 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ақтолқын Жайлаубаевалар қатысты.

Ынтымақтастық аясында Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Шымкент қаласы мамандандырылған мектептер алдағы уақытта қажетті тақырыптарда семинарлар, тренингтер, сайыстар өткізілу жоспарланып, бірлесе өткізеді.

Айта кету керек, республикадағы ірі және көпсалалы университет пен қаладағы білім ошақтарының арасындағы тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде алдағы күндері ғылыми жобаларды дамыту, педагогикалық ғылымның жетістіктерін үгіттеу, педагогтарға ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру, бірлесіп өңдеген білім беру бағдарламаларды жүзеге асыру сынды бірқатар маңызды жұмыстар іске асырылатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер