Қадыров Ердоғанға сес көрсетті: Біздің жауабымыз қатаң болмақ!

5433
Adyrna.kz Telegram

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға «сіз террористерді ашық қолдайтын мемлекет мәртебесін аласыз, я болмаса Ресей Федерациясымен келісімді өзгертпестен ашық және адал қарым-қатынасты жақтайтын боласыз» деген шешім қабылдауды талап етті, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

«Әйтпесе, іздеуде жүрген қарақшылар мен содырлар Түркияда пана тауып, мыңдаған бейбіт тұрғындардың өліміне қатысқан лаңкестердің атымен саябақтарды атау үшін ашық түрде жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастырып жатқанда, біз жауап қайтару құқығын өзімізде қалдырамыз. Мысалы, бұл жағдайда Түркия түрмелерінің бірінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған Күрдістан жұмысшы партиясының негізін қалаушы Абдулла Ожаланның есімін Грозныйда мәңгілікке қалдыру біздің тарапымыздан қисынды және саяси «айна» болып табылады», - деді Шешенстан басшысы.

Қадыровтың айтуынша, бұл үндеу Шешенстан парламенті, қауіпсіздік күштері мен дін өкілдерінің «Ресейде қылмыс жасаған лаңкестерді жасырып, кейін толығымен ақтап алып шыққан түрік билігінің әрекеттеріне жауап беру туралы өтінішімен байланысты.

Қадыров Ресей Сыртқы істер министрлігіне де жүгінген.

«Түркия билігінің қазіргі әрекеттері ғасырлар бойы дамып келе жатқан Ресей-Түркия қарым-қатынасына тікелей қауіп төндіреді. Біз бұған назар аударып, мұндай көріністерге қарсы алдын ала дипломатиялық шаралар қабылдауымыз керек», - деп есептейді Шешенстан басшысы.

EADaily хабарлағандай, қазан айында түрік соты тыңшылық жасады деген күдікпен төрт ресейлікті қамауға алды. Оларға Түркияда тұратын шешен оппозициясының өкілдеріне қастандық жасауды жоспарлаған деген айып тағылып отыр. Ұсталғандардан қару-жарақ пен ресейлік төлқұжат табылды.

Бірінші және екінші шешен соғыстары кезінде Түркия Республикасы мен түрік қоғамы сепаратистерді қолдап, Ичкерия басшысы Джохар Дудаевты әлі күнге дейін құрметтейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер