Саясаттанушы Меруерт Түлебаева: «Nur Otan» партиясын нығайтуда шешуші рөлді 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы өте маңызды

477

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы көптеген дүниелер жазылып, іс-шаралар атқарылды. Осы атаулы мереке аясында еліміздегі партиялық жүйенің даму қорытындылары туралы да көп айтылды.

Енді Қазақстанның саяси тарихында өзіндік орны бар «Nur Otan» партиясының қалыптасу тарихын талдай отырып, билеуші партия жұмысының соңғы жыл қорытындылары туралы айту орынды, өйткені дәл осы жылдар ішінде партия түбегейлі трансформациядан өтті.

Сонымен, өткен тарихқа көз салсақ 1999 жылы елдің саяси аренасында «Отан» республикалық саяси партиясының пайда болуы (2006 жылдан бастап «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы, 2013 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы), Қазақстанның жалпы партиялық жүйесіне маңызды әсерін тигізді.

Басқа партияларды өзіне біріктіру арқылы елдегі партиялық жүйенің локомотивіне айналған «Nur Otan» партиясы электораттың даусын жинауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Осы жылдар ішінде билеуші партияның саяси тұрақтылыққа негізделген, салмақты ой елегінен өткізілген эволюциялық реформалары мен электоратпен жүргізілген дәйекті жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның саяси партиялық жүйесінде «Nur Otan» партиясы қашанда әрбір азаматтың қажеттілігін ескере отырып, жалпыұлттық міндеттерді шешу бойынша инновациялық идеяларды, сындарлы ұсыныстарды шоғырландырған, елдің ірі саяси күшіне айнала білді.

Партияның соңғы екі жарым жылдағы мынандай үлкен жетістіктерін ерекше атап өткім келеді.

«Nur Otan» партиясының Қазақстанның партиялық-саяси кеңістігіне енгізген ерекше жаңалығы - 2019 жылы өткізген Праймериз. Билеуші партия пост-кеңестік мемлекеттер арасында алғаш рет партиялық праймериз өткізді, оған 10000 жуық қазақстандық белсене қатысты. Нәтижесінде партия фракциясы 65 пайызға жаңарды. Бұл дегеніміз - жаңа ой, идея, бастама, өзгеріс.

Көптеген идеологиялық, әлеуметтік - экономикалық, жастарды қолдауға бағытталған: «Ұлттық мұра», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Жастар Отанға», «Biz Birgemiz» сынды партиялық жобалар халықтың әлеуметтік əлжуаз топтарына күнделікті қамқорлықтың қажеттілігі туралы қоғамдық түсінік қалыптастыруға бағытталып, маңызды іс-шаралар атқарып келеді.

Соның жарқын бір дәлелі әлемді шарлаған індет кезінде «Biz Birgemiz» акциясы аясында 34 млрд теңге жеке қаражат есебінен 2,2 млн адам қамтылып, 1 млн-нан астам адамға материалдық көмек көрсетілген.

«Nur Otan» партиясын нығайтуда шешуші рөлді 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы өте маңызды болып табылады.

Әрбір облыс дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әлауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады.

Елбасы тапсырмасы бойынша 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысымен танысу үшін аудандарды да қамти отырып, аймақтарды аралау қажеттілігі қойылған еді. Бүгінде Партия төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әрбір өңірлерде партия бағдарламасының жүзеге асуын жіті бақылауда.

Билеуші партия үнемі әдістемелік құрамын жаңартып, уақыт пен электорат талабына сай өзгеріске бейімделе жаңа деңгейге көтеріліп отырады, мысалы «Nur Otan» фракциясының депутаттарын кешенді түрде бағалау бойынша Депутаттар рейтингісін қалыптастыру ережесі әзірленіп бекітілді. Енді рейтинг «Nur Otan» депутаттарын, мәслихаттардағы хатшылар мен фракциялар басшыларын қызметінің айқындығы мен есептілігіне бағытталған медиа белсенділікке және жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне бағдарлайды.

Келесі жылдың ақпан айынан бастап нұротандық депутаттардың рейтингісі жария форматта жүргізіледі. Кез келген адам қалауынша нақты уақыт режимінде халық қалаулыларының жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді шешу үшін сұрақтар қойып, жауап ала алады. Жаңа жүйе ашықтық пен жариялылықты аңғартады. Халық қалаулыларының нақты істерін көрсетеді.

Nur Otan» партиясының тарихындағы ерекше беттер ретінде Қазақстан Президенті мен Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша өткен науқандарды айтуға болады. 1999 жылдан бастап президенттік сайлау науқандарына қатыса отырып, «Nur Otan» партиясы электоралдық күреске қатысудың мол тәжірибесін жинақтады. Сайлаушылар арасында стратегия мен жұмыс тактикасын сауатты құра отырып, партия осы сайлаулардың табысты болуына елеулі үлес қосып келеді. Партия соңғы сайлауда жергілікті халықтың 82% даусын алды. Ауыл әкімдерін сайлауда партия 87% ауылдық округтерде жеңіске жетті.

Қорыта келе, «Nur Otan» партиясының қалыптасуына, дамуына және беделінің артып Қазақстанның партиялық жүйесінің ядросына айналуына оның көшбасшысы Н.Ә.

Назарбаевтың қосқан үлесі өлшеусіз. Оның басшылығымен елдегі қоғамдық-саяси өмірге ұдайы мониторинг және жүйелік талдау жүргізу арқылы электоратпен партиялық жұмыстың жаңа әдістемелерін енгізу, жаңа міндеттер қою нәтижесінде партия тәуелсіз Қазақстанның жетекші саяси күшіне айналып келеді.

Меруерт ТҮЛЕБАЕВА,
сарапшы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket