Мұхамеджан Тазабеков өзін бірнеше діни ағым мүшелері өзіне тартпақ болғанын мойындады

3516
Adyrna.kz Telegram

Мұхамеджан Тазабеков өзін бірнеше діни ағым мүшелері өзіне тартпақ болғанын мойындайды. Бәрінің сөзін, уағызын тыңдап көргенімен ешкімнің етегінен ерген жоқпын деп ақталды. Бұл ретте қоғам қайраткері Дарын Мүбаров жайлы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы 

">“Талқылайық” бағдарламасында айтылды.

Мұхамеджан Тазабеков бір кездері бірнеше ағым мүшелерінің уағызын тыңдап көргенін мойындайды. Тіпті өзін сол топқа мүше болуға шақырғандар аз емес. Айтысқа шығып, ел танып, көз көргендер көп болған соң бірден көзге түсетін едік дейді. 

“Айтыс арқылы елге танылдық. Елмен етене араласпасақ та, біздің әрі ісімізді ел әңгіме қылады. Әркім өзіне тартқысы келеді. Мен Халифа Алтай ағаның қасында көп жүрдім. Көмекшісі болдым. Ол кісінің уағыздарын тыңдап жүрдім. Дарын Мүбаров орталық мешітте имам болып тұрғанда уағызын тыңдайтынбыз. Мен оның уағыздарынын қателік көрген жоқпын. Сирияға баруға үгіттегенін, соғысқа, жиһадқа шақырғанын көрген жоқпын өз басым. Мемлекетті бұзуға, радикализме шақырған жерін көрген жоқпын. Оның әкесін де, шешесін де, ағайын-туысын да танимын. Өзі қазақы тәрбиеде өскен. Елім деп жүрген азамат. Елім бақытсыз болмасын, о дүниеде отқа түсіп кетпесін деп шырылдап жүрген адам”, – деді Тазабеков.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер