Заңсыз неше әйеліңіз бар? - Мұхамеджан Тазабек шынайы жауап берді

6800
Adyrna.kz Telegram

Қоғам қайраткері, дінтанушы, Мұхамеджан Тазабеков өз отбасы туралы жұрт аузында жүрген қауесет әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қоғам қайраткері бұл туралы ”Талқылайық” бағдарламасында баяндады.

Мұхамеджан Тазабеков жайлы айтылар әңгіме көп. Бірі оны адасушылық бағытта жүрді десе, енді бірі көп әйелі бар деп сөз етеді. 

“Менің бір ғана әйелімнен алты балам бар. Бір ғана заңды әйелім бар. Екі-үш әйелі бар деген жалған әңгіме. Бар нәрсені жоқ деп жалтармаймын ғой. Тоқал алатын жоспарым да жоқ. Егер тағдырға жазылған болса, онда болады. Егер қуып жүрсең де, сол нәрсені аңсап жүрсең де, маңдайыңа жазылмаса, онда ол болмайды. Менің әртүрлі миссиям бар. Қоғам қайраткері ретінде, отбасындағы мақсатым бар. Отбасында жақсы әке болу, жақсы күйеу болу. Жақсы адамға тұрмысқа шыққан екенмін деп әйелің сүйсінетін жолдас болу. Сонымен қатар қоғамға пайдаңды тигізу”, – деді қоғам қайраткері. 

Айтыскер-ақын өзінің дін жолында қателескенін мойындайды. Алайда бұл адасушылық емес деп ақталды. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер