Отандық саясаттанудың орда бұзар шағы

2212
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тұсында Қазақстан Республикасы әлем таныған мемлекеттер қатарында. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты.Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан жылдар аралығында қоғамның барлық салаларында дерлік ілгерілеу байқалды. Оның ішінде қоғам өмірінің маңызды бөлшегі, ел болашағының тірегі болып отырған білім және ғылым саласы.

Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, біздің алдымызда ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсаты тұрған болатын. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.

Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.

Білім және ғылым саласының дамуында өзінің орнын қалыптастырып, тәуелсіздікпен бірге дамып жетіліп келе жатқан Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің «Саясаттану және саяси технологиялар» кафедрасының жетістіктер қатары да аз емес.

Аталмыш кафедра Қазақстанда саясаттану ғылымының кафедрасы мен бөлімі ретінде алғашқы рет 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ашылды. Кафедрасаясаттану мамандарын дайындау және жаңа ғылым мен оқу пәнінің ғылыми-әдістемелік мәселелерін құру базасын қалыптастыру бойынша зор жұмыс атқарды. 30 жылдық жұмысының барысында саясаттанушы мамандар даярлаумен әлеуметтік ғылым салаларының дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі белгілі қазақстандық ғалым, тарих ғылымдардың докторы, профессор, Қазақстан жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар Академиясының президенті Мұстафин Тілеміс Тілеуқабылұлы болды. Ол жоғарғы мектептің белгілі педагогы, жоғары санатты лектор және оқу үдерісінің ұйымдастырушысы, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы ретінде танымал болды. 1991 жылдан бастап 1998 жылға дейін Т.Т.Мустафинмен басқарылған саясаттану кафедрасы Қазақстандағы саяси ғылымдарды дамыту орталықтарының бірі ретінде мойындалды.

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі (1992-1998 ж.) тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Мұстафин

Профессор Байдельдинов Лайық Әмірұлы 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін кафедрада меңгерушілік қызметін атқарып, саясаттану бойынша қазақ тілінде білім беру бөлімдерінің қалыптасуына үлес қосқан болатын. 2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін кафедра меңгерушісі саяси ғылымдардың докторы, профессор Бурханов Камал Низамұлы болды. 2002 жылдың шілдесінен 2011 жылдың тамызына дейін саясаттану кафедрасын саяси ғылымдарының докторы, профессор Иватова Ляйля Мұрзалықызы басқарады. Л.М.Иватова 2002-2010 жылдар аралығында саяси ғылымдар бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Оның жетекшілігімен 8 докторлық, 24 кандидаттық диссертациялар, PhD білім беру бағдарламасы бойынша 2 докторлық диссертациялар қорғалды.

2004 жылы кафедрада екі ғылыми мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы (қазақ және орыс бөлімдері) магистратура ашылды: Саяси институттар мен халықаралық қатынастар процестері және саясаттану.

2005 жылдан бастап ҚазҰУ-дың қосылуы аясында PhD докторларын даярлау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2011 жылдан бастап кафедраны саяси қақтығыстар мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, профессор Насимова Гульнар Орленбаевна басқарды. Оның жетекшілігімен PhD білім беру бағдарламасы бойынша 1 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. Қаралып отырған мәселелер ауқымының кеңеюіне және ұлғаюына байланысты 2015 жылы кафедра Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы болып өзгертілді.

2020 жылдың шілдесінде "ARQA" білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі "саясаттану" білім беру бағдарламаларына (бакалавр/магистр) сапа сертификатын берді. 2015 жылы FIBAA халықаралық аккредиттеу комиссиясы PhD докторантура бағыты бойынша "саясаттану" бағдарламасы бойынша сапа сертификатын берді.

2013 жылы ҚазҰУ-дың серпінді жобалары аясында. Әл-Фараби кафедрасында "ҚазҰУ-дың саяси зерттеулердің Ақпараттық орталығы" ашылды, орталықтың директоры философия ғылымдарының докторы, профессор Абдигалиева Г.К.

2017 жылдан бастап Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып, "Саясаттану" мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындауды бастады.

Кафедра жанында "ПОЛИТОЛОГ" студенттік дискуссиялық клубы белсенді жұмыс істейді, ол тек университет деңгейінде ғана емес, республикалық деңгейде де дискуссиялық алаңға айналды. Клубты доцент Саитова Нина Алексеевна басқарады.

Жыл сайын студенттік фестиваль аясында кафедра конкурсқа саяси өмірдің, саяси процестің түрлі аспектілерін қамтитын өзекті тақырыптарға жазылған саясаттану бөлімі студенттерінің үздік ғылыми жұмыстарын ұсынады.

Бүгінгі таңда саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы «Саясаттан», «Конфликтология», «Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік», «Әлемдік саясат» мамандықтары бойынша мамандар дайындап, әлемдік бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындап шығаруда.

Тағаева Айымжан Маратқызы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Философия және саясаттану факультеті,

"Конфликтология" мамандығының 1-курс магистранты.

Пікірлер