Арықтаған шенеуніктерге 500 мыңнан: үкімет жаңа эксперимент бастады

5103
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Ферғана облысында жергілікті билік шенеуніктер арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында эксперимент жүргізуге бастамашы болды. Бұл туралы бүгін, 21 желтоқсанда 24.kg ақпарат агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, артық салмағы бар мемлекеттік қызметкерлер жоғалтқан әрбір келісі үшін жалақыларына қосымша 500 мың сум (шамамен қазақстандық теңгемен 20 500 тг) алады.

«Бұл Ферғананың тәжірибесі, оны барлық республика бойынша қолдануға болады. Шенеуніктер әр қайсысы бір келіден арықтаса, 500 мың сум алады. Яғни, 5 келіге арықтаған мемлекеттік қызметкер 2,5 миллион сум алады», - деді аймақ басшысы Хайрулло Бозоров.

Хайрулло Бозоров шенеуніктермен қатар қарапайым облыс тұрғындарына да жергілікті емханаларға жазылуды ұсынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер