Нұрлан Нығматулин: Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер қатар айтылып, бір ұғымға айналды

1428
Adyrna.kz Telegram

Елордадағы Назарбаев орталығында Тәуелсіздіктің әуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференция ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиның баяндамасымен ашылды.

«Тәуелсіздік көп елдер үшін асқақ арман. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған осы арманының орындалғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жылдың әрбір белесі біз үшін қайталанбас тарих. Ал тарихты әрқашан да ұлы тұлғалар жасайтыны белгілі. Тек ұлы тұлғалар ғана жаңа мемлекетті қалыптастырып, оның өркениетін қамтамасыз ететін үлкен қадамдар жасайды. Мұндай тұлғалар уақыт өткен сайын биіктеп, тек бір ұлттың ғана емес, бүкіл әлемнің дана, көреген саясаткеріне айналады. Дәл осындай ұлы тұлға ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», - деді Мәжіліс спикері.

Оның айтуына қарағанда, бүгінде Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер бір ұғымға айналды.

«Бүгінде қазақстандықтар егемен еліміздің кең байтақ даласы ғана емес, сонымен бірген Нұрсұлтан Әбішұлындай данасы бар екенін мақтанышпен айтады. Қазірде Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер қатар айтылып, бір ұғымға айналды.

Баршаңыз жақсы білесіздер, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бәрімізге оңай болған жоқ. 70 жыл бойы билік жүргізген Кеңес Одағы тарағаннан кейін біздің халқымыздың жағдайы өте ауыр болды. Сол кезде барлық өндіріс және зауыт, фабрикалар тоқтап, колхоз, совхоздар тарап, мыңдаған азамат жұмыссыз қалды», - деген Нұрлан Нығматулин бірнеше ай бойы еңбекақы, стипендия және басқа да төлемдер берілмеген кездер болғанын еске алды.

Пікірлер