Елбасы мақаласы ұлттық мұраттарымызды саралайды - Бақытжан Жұмағұлов

1262
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Бабаларымыз армандаған елдік пен еркіндіктің символы болып жалғасқан ұлы арманы – Тәуелсіздік еді. Ұлан қайыр замандардың тарихи картинасын Елбасы мақаласынан көресің. Сақтар мен ғұндар, одан соң түркі халқы Ұлы далада өз мемлекетін құрды. Елбасы дауылдар мен дабылдар, «жан алысып, жан беріскен», «егеулі найза» ұстаған ықылым замандардан бері ұлтымыздың баға жетпес өзіндік дәстүрлері мен ғұрпын, еркіндіктің рухы мен рухани кеңістігін, ғажайып тілі мен сұлу сазын сақтап қалған қасиеттерін тебірене жазады. Ғасырлар тоғысында адамзат тарихында, оның ішінде Қазақстан тарихында ерекше орны бар Тәуелсіздік салмағын көтеру өз тағдырына тиесілі екенін жоғары жауапкершілікпен жеткізеді. Әрине, Елбасы жүрегіндегі сөз – тарих сөзі, заман сөзі, ұрпақ сөзі», - деп атап өтті Б. Жұмағұлов.

Сенатордың айтуынша, Кеңестер одағының тарихи жолдарына шолуды да осы мақаладан таба аласың. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы жағдай, одан кейін Горбачевтік «қайта құру» саясаты да қалай күйрегенін Елбасы ашық жазады.

Пікірлер