Елбасы жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады

1461
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хан-сұлтандарымыздың арманын орындап, жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Мұндай пікірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы білдірді.

«Расында тәуелсіз еліміздің əрбір жеткен жетістігінде, бағындырған белесінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы жатқанын айту, алғыс білдіру – адамгершіліктен. Біз – адамдар арасындағы алауыздыққа, діндер арасындағы дау-дамайларға тосқауыл қоюға талпынған, тыныштық пен татулықты басты тірек еткен елміз. Бауырмалдық, мейірбандық, достық, қамқорлық сынды құндылықтар – қазақ халқының табиғи болмысында бар асыл қасиеттер. Бағзы заманнан бері береке мен бірлікті, ынтымақ пен ырысты, достық пен татулықты ту еткен Қазақ елі тәуелсіздіктің санаулы жылдарында алыс-жақынның арасын жарастырып, діні бөлектерді бір дөңгелек үстел басына жинаған бітімгер мемлекетке айналды. Ол кешегі хан-сұлтандарымыздың арманын орындап, жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Мемлекетті басқаруда ұлт бірлігін, дін бірлігін бірінші орынға қойып, достық пен келісімнің үздік үлгісін қалыптастыра білді. Аллаға шүкір, осынау сарабдал саясаттың арқасында біздің елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрды», - деп атап өтеді Бас мүфти.

Пікірлер