«Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасы таныстырылды

2829
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен сарапшылар қоғамдастығы үшін «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасының презентациясын өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «жастарды қолдау еліміздегі мемлекеттік саясатының стратегиялық бағыттарының бірі саналады, сондықтан 2021 жылғы Ұлттық баяндамада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі жетістіктер, сәтті қадамдар мен жастардың өзекті мәселелері сияқты жастар саясатының даму динамикасы мен үрдістерін талдау маңызды болды. Талдау қорытындысы бойынша жастар саласын одан әрі жүйелі әрі кешенді дамыту бойынша мемлекеттік және азаматтық сектор үшін ұсынымдар әзірленді» - деп айтып өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев жастар ортасындағы маңызды өзгерістер мен актуал трендтерге назар аударды. Ол демография, денсаулық, білім және ғылым сияқты жастар дамуының маңызды әлеуметтік параметрлері туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, Жас қазақстандықтың бейнесін, Тәуелсіздік ұрпағының портретін және Жастардың тәуелсіздікке деген көзқарасын таныстырды.

Баяндаманы дайындау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының актуал статистикалық және аналитикалық деректері қолданылды. 2021 жылы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтану зерттеулерінің нәтижелері қазақстандық жастардың әлеуметтік көңіл-күйін талдау кезінде базалық негізге айналды.

«Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасын әзірлеуге қатысқан авторлар ұжымы жастардың экономикалық мінез-құлқы, азаматтық және саяси қатысуы, құндылық бағыттары туралы айтып берді. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дана Әшімханова бүгінгі таңда қазақстандық жастардың ерекшелігі құндылық бағдарларының өзіндік симбиозында, атап айтқанда дәстүрлі және заманауи көзқарастардың тоғысуы мен қабаттасуында екенін атап өтті. Бұл ретте қазақстандық жастарға жоғары мобильдік, диджиталдану, цифрландыру сияқты әлемдік трендтер тән.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер