Лондонда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі талқыланды

36

Британиялық «Генри Джексон қоғамы» талдау орталығында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері талқыланды. 

Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық парламенттік топтың төрағасы, Ұлыбритания Парламенті қауымдар палатасының мүшесі Боб Стюарт еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларындағы жетістіктеріне тоқталды. Ол Қазақстанның Орталық Азияда адам құқықтарын қорғауға, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жұмыстарын жоғары бағалап, «Астана» халықаралық қаржы орталығының өңірге инвестициялар тартудағы айрықша рөлін атап өтті.

Б.Стюарт сондай-ақ, саяси және экономикалық ырықтандыру процестері арқылы Қазақстанның терең және оң өзгерістерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол Ұлыбританияның сенімді досы және әлеуеті зор сауда серіктесі ретінде қаралатын Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова, конференцияға онлайн қосылып, мемлекетті одан әрі демократияландыруға және саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған елдегі реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket