Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйғыр ұлтының өкілдері бас қосты

1101
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті. «Нәтижелі пікір алмасу болып, өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстанның 1991 жылы Мемлекеттік Егемендік алуы – этносаралық қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашқаны атап өтілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы – Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Қазақстан ұйғырларын біріктіретін жалғыз ұйым.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйғыр этносының туған мәдениетін сақтауға, сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстандағы этносаралық келісім қағидаттарын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстан ұйғырлары, әдетте, үштілді. Ана тілінен басқа мемлекеттік қазақ және орыс тілдерін жақсы біледі», - деді іс-шараның модераторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және ұйғыр республикалық мәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нұрымов.

 

Пікірлер