Ақтауда тұрғын үй өртеніп, 50 адам құтқарылды (ВИДЕО)

3143
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда "Florence" тұрғын үй кешенінің шатыры өртеніп, отқа оранған тұрғын үй кешенінен 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған өртке қатысты түсініктеме берді.

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Толық мәліметтер кейінірек беріледі", - деді департамент.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, өрт сөндіруге 50 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 50 жауынгері, 10 автопатруль, төрт эвакуатор және бір манипулятор жұмылдырылған.

 

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер