Қазақстан мен Башқұртстан химия зауытын құруға келісті

2377
Adyrna.kz Telegram

Уфада өткен халықаралық бизнес апталығында Қазақстан мен Башқұртстан үкіметінің өкілдері құрамында Башқұрт сода компаниясы (БСК) мен «Каустик Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін химиялық консорциум құру туралы келісті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «orda.kz»-ке сілтеме жасап.

Инвестициялардың болжамды көлемі — 1 млрд доллар.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, бірлескен кәсіпорын ТМД-дағы цирконий оксихлоридінің жалғыз өндірушісі болады.

— Бұл жобалардың өнімді өткізу және экспорттау тұрғысынан келешегі өте зор, нарық іс жүзінде ашық, – деді ҚР Премьер-Министрі.

Цирконий оксихлоридінен басқа зауыт күйдіргіш сода, натрий гидрохлориді және титан диоксидін шығаратын болады. Болашақ бірлескен кәсіпорынның негізгі өндірісі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасады.

Зауыт ресейлік және қазақстандық кәсіпорындардың импортқа тәуелділігін азайтып қана қоймай, экспортқа бағытталған өнімдерді кешенді өңдеу мен өндіруді жолға қоюға, сондай-ақ Еуропа мен АҚШ-тан титан диоксиді, Қытай мен Жапонияның цирконий оксихлориді импортынан бас тартуға мүмкіндік беретін химия өнімдерін шығаратын болады.

ТАСС атап өткендей, химиялық консорциум құру «Каустик Павлодар» БСК-ға қосу арқылы жүзеге асуы әбден мүмкін. Соның арқасында 1,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер