МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

5052
Adyrna.kz Telegram

Мереке қарсаңында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ақ халатты абзал жандарды құттықтап, халықтың саулығы үшін еңбек етіп жүрген дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өтті.

Пандемия өршіген тұста медицина мамандары алдыңғы шепте қызмет етті. Әлі күнге дейін мамандар халықтың саулығын күзетуде аянбай еңбек етуде. Күнделікті қызметі өз денсаулықтарына қауіп төндірсе де, қызметтік міндеттеріне берік болды. Бүгінде медицина мамандарының кәсіби қызметі, адал еңбегінің арқасында елімізде жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Мереке қарсаңында адам жанының арашасы, ақ халатты жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленді.

Көп жылғы еңбегі мен кәсібилігі үшін үздік дәрігер, медбике, зертханашы, фельдшерлерге «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдері, «Шапағат» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,«Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері және алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдарында қалада дәрігерлер саны 1991 жылғы 2205 дәрігерден 2021 жылы 4205-ке дейін өсті. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 39,1 (1991ж.-27,0) құрады. Жүйелі, кадрлық саясаттың арқасында материализм мен баланы қорғауға басымдық бере отырып, Халықаралық жобалар бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мүмкіндігі пайда болды. 4000-нан астам медицина қызметкері оқытылды. Қаланың барлық медициналық ұйымдарында ақпараттық жүйелер енгізілді, қағазсыз құжат айналымы енгізілді, халықтың 100% - ында электрондық денсаулық паспорты толтырылды. Жыл сайын жоғары мамандандырылған технологиялар саны өсуде. Шымкенттің жүрек орталығында ашық жүрекке ота жасалып, стенттер орнатылуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер