Ғалымдар жауап берді: Әйелдер неге ішімдікке салынады?

3424
Adyrna.kz Telegram

Ғалымдар әйелдер үшін алкогольді шамадан тыс тұтынуы үшін бір ғана стресс факторы жеткілікті екенін анықтады. Бұл туралы мақала Psychology of Addictive Behaviors журналында жарияланған.

Зерттеуді Джули Паток-Пекхэм бастаған Аризона университетінің ғалымдары жүргізді. Тәжірибе барысында қатысушылар стресстік және стресстік емес күйде отырып, тренажер барында алкоголь ішкен. Бір ғана стресс факторы еркектерді емес, әйелдерді көп ішуге мәжбүр еткен.

«Кейбір адамдар бір немесе екі бокал ішіп, сонымен қоюы мүмкін, бірақ әйелдердің көбі өздері белгілеген шекті ұстай алмайды. Ішімдікке бақылауды жоғалту алкоголь проблемаларының ең алғашқы көрсеткіштерінің бірі болып табылады және ондағы стресстің рөлі салыстырмалы түрде аз зерттелген», - дейді мақала авторлары.

Зерттеуге күйзеліске ұшыраған және психикасы мен дені сау 105 ер адам мен 105 әйел қатысқан. Олар кездейсоқ түрде топтарға бөлінген: олардың біріне басында алкогольдік сусындар, екіншісіне алкогольсіз сусындар беріледі. Содан кейін қатысушылар 90 минут бойы барға шектеусіз қол жеткізе алады.

Нәтижесінде күйзеліске ұшыраған адамдардың тым көп ішуге бейім екендігі анықталды, бірақ бұл жерде айтарлықтай жыныстық айырмашылық бар. Мәселен, стресске ұшыраған ерлер бастапқы сусындардан алдын ала мас болған жағдайда ғана ішуге бейім болған. Егер бастапқы сусындар алкогольсіз болса, онда алкогольды тұтынудың стресске тәуелділігі аз. Ал әйелдер үшін бұлай болмады: олардың жағдайында бастапқыда не ішкені маңызды емес.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер