Сарапшы: Алдағы бес жылда ұлы державалар арасында қарулы қақтығыс болуы мүмкін

3108
Adyrna.kz Telegram

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Эндрю Мишта алдағы бес жылда ұлы державалар арасында қарулы қақтығыс болуы мүмкін екендігін айтты деп хабалайды "Адырна" ұлттық порталы "The Wall Street Journal" басылымына сілтеме жасап.

Шолушының айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес қаупі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Бұл текетірес, мысалы, Тайваньға иелік ету жөніндегі екі ел арасындағы дауға байланысты қызу кезеңге айналуы мүмкін, делінген мақалада.

Мишта американдық армияның мұндай соғыс форматына дайын еместігіне байланысты басқа да қуатты мемлекеттер АҚШ-қа қарсы шыққысы келеді деп санайды.

— Сонымен бірге Пентагонға қарулы күштерін модернизациялау үшін шамамен 15 жыл қажет болады. Сондай-ақ, бүгінде Батыс Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан көші-қон толқыны, коронавирустық індет және "Мәдени төңкеріс" салдарынан қиын жағдайда тұр, – дейді автор.

Маманның айтуынша, бұл факторлардың барлығы АҚШ-ты айтарлықтай әлсіретіп жіберген. Бұл — Вашингтонды тұғырдан түсіргісі келетін елдерге зор мүмкіндік.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер