Ауғанстан БҰҰ жанынан өкіл міндетін атқарушыны тағайындады

2288
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстан бұрынғы тұрақты өкіл Гулам Исакзайдың орнына БҰҰ жанындағы өкіл міндетін атқарушы ретінде Насир Ахмад Фаикті тағайындады, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Ауғанстан Ислам Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-өкіл қызметін атқаруды Насир Ахмад Фаик өз қолына алды", - делінген Ауғанстан өкілдігінің Twitter-де жариялаған хабарламасында.

Ауғанстан өкілдігі елдегі ауыр гуманитарлық жағдайға қарсы күресу үшін БҰҰ басшылығы және мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатыны айтылды.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы БҰҰ-ға хат жіберіп, бұрынғы үкімет тағайындаған Ауғанстанның тұрақты өкілі Гулам Исакзай енді қызметін жалғастырмайтынын мәлімдеген еді. Талибан БҰҰ-дағы Ауғанстанның жаңа өкілі ретінде Мохаммад Сухейл Шахин тағайындалғанын айтты.

"Талибан" қозғалысы билікке келгеннен кейін Исакзай тәліптерді бірнеше рет сынады. Ол бұл қозғалысты адам құқықтарын бұзды деп айыптады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер