Мемлекет басшысы: Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі

2228
Adyrna.kz Telegram

Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейін стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік. Түрлі бағыттар бойынша ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырдық.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды қолға алдық. Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық.

Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды», - деді Мемлекет басшысы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер