Тәуелсіздік жылдарында елімізде мұнай өндіру 3,5 есе, газ өндіру 7 есеге ұлғайды

151

Тәуелсіздік жылдарында елімізде мұнай өндіру 3,5 есе, газ өндіру 7 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, еліміз тәуелсіздік алғалы өндірудің өсу қарқынында айтарлықтай серпіліс байқалған.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында мұнай өндіру 3,5 есеге, газ өндіру 7 есеге ұлғайды. Осы кезеңде 1,7 млрд тонна мұнай, 790 млрд текше метр газ өндірілді. Ал, 1,4 млрд тонна мұнай экспортталды. 2020 жылдың қорытындысымен газ өндіру көлемі 55,1 млрд текше метрді құрады. Электр энергетикасы саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде электр энергиясын өндіру 83 млрд-тан 108 млрд квт/сағатқа дейін артты. Яғни 30%-ға ұлғайды», -дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуына қарағанда, жаңартылатын энергия көздерін дамытуда да жоғары қарқын бар. Қазір елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 126 объектісі жұмыс істеп тұр.

Оның жалпы қуаты 1975 МВТ-ты құрайды. «Біз осы жетістіктермен тоқтап қалмауымыз қажет. Алдымызда мұнай-газ, энергетика саласын дамытудың жаңа белестері тұр. Осы жолда аянбай еңбек етіп, тәуелсіздіктің жаңа онжылдығында елімізді асқақтата берейік», -деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket