Ұлттық кеңес мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды

439

Бүгін елордада Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Ұлттық кеңестің бір топ мүшесі мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымен баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. 30 жылда еліміз бірқатар жетістікке қол жеткізді. Оның бәрі халқымыздың ынтымақтастығы мен еңбегінің арқасы. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ел дамуына еңбегі сіңген түрлі сала мамандары мен тұлғалар марапатқа ие болып жатыр. Олардың қатарында Ұлттық кеңес мүшелері де бар. Әрине, қуаныштымыз. Бүгінгі марапатты Ұлттық сенім кеңесінің жұмысына берілген баға деп есептеймін», - деді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин марапаттау рәсімінде.

Оның айтуынша, Ұлттық сенім кеңесі құрылғалы 2,5 жыл ішінде елімізде 90-ға жуық құқықтық-нормативтік акті қабылданды. «Әр құжаттың артында, қазақстандықтардың мүддесі қарастырылған. Және аталған құжаттар қоғамдағы нақты бір мәселені шешуге бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің 15-ке жуық белсенді мүшесін түрлі мемлекеттік наградалармен марапаттап отыр. Бұл кеңес мүшелеріне қоғамдағы түрлі мәселелердің шешімін табуына қосқан үлестері үшін беріліп отырған награда. Алдағы уақытта да бірлесе отырып жұмыс істейтінімізге сенімдімін», - дейді ол.

Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Парасат» орденімен наградталды. Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Мұрат Әбенов, Саясат Нұрбек, Тәттігүл Талаева мен Қанат Сахариянов болды. Одан бөлек, Асхат Садырбай мен Уайс Ерсайынұлына, Арман Қашқынбеков пен Өркен Кенжебекке «Ерен еңбегі үшін» медалі, ал Александр Данилов пен Қайсар Тұрсынқожаға «Шапағат» медалі табысталды. Бөріхан Нұрмұхамедов және Максим Рожин ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket