Нұрлан Нығматулин Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мәжілісмендерге мемнаградалар тапсырды

803
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар мен Аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі паалатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс спикері депутаттық корпусты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақстанның осы жылдардағы барлық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың еңбегінің және ел басшылығының стратегиялық бастамаларын іске асырудың нәтижесі екенін атап өтті.

Бұл ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, сонымен бірге, әрқашанда Президентімізге тірек болып, қолдау білдіріп келе жатқан халқымыздың береке-бірлігінің жемісі. Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы толағай табыстарымызды сақтап, стратегиялық даму бағытын одан әрі жалғастырып келеді, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы еліміз тарихымен бірге келе жатқан Парламенттің, оның депутаттарының да қосып жатқан үлесі өте зор екенін атап өтті. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, III дәрежелі «Барыс» орденімен Бекболат Тілеухан марапатталды. Мәжіліс Төрағасы «Парасат» орденін Аманғали Бердалинге, Аманжан Жамаловқа, Ирина Смирноваға және Бақытбек Смағұлға табыстады.

 

Пікірлер