Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқушылар айтысы өтті

1173
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай республикалық оқушылар айтысы өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Оқушылар сарайы мен «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» бірлесе ұйымдастырған додаға Алматы, Қызылорда, Жамбыл және алыс-жақын аудан, қалалардан 12 жас айтыскер қатысты. Сахнаға шыққан жас айтыскерлердің сөз саптауын Досалы Есет (Жамбыл), Бекмұрат Анарбаев, Балалар және жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі Емен Саметов бағалады. Екі сағатқа созылған айтыстың қорытындысы бойынша республикалық оқушылар айтысының жүлделі III орындарын Елсияр Құлахмет (Шымкент), Сапархан Аллажар (Шымкент), Даниял Болысбек (Отырар ауданы) иеленді.

Ал II орынды Элдар Әмірхан (Қызылорда) және Тәңірберді Болат (Түркістан) өзара бөліссе, I орынды Айсұлу Жүнісбек (Жамбыл) иеленді. Ал бас жүлде Алматы облысынан келген Ақнұр Зинуллаға бұйырды.

Оза шапқан дүлдүлдерді Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев марапаттады. Айтысқа Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті демеушілік жасады.

Барлық айтыскер ақындарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Пікірлер