Тәуелсіздікке 30 жыл: әскерилер арасында салтанатты жиын өтті

1372
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан облысы ардагерлерінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев көпшілікті мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген табыстарына тоқталып өтті.

Сонымен бірге, Қарулы күштер сапында қызмет еткен, Ауғанстанда, Тәжік-ауған шекарасында және өзге де әскери қимылдарға араласқан сарбаздар мен сардарларға құрмет көрсетіп, мерекелік медальдар мен облыс әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.

Жиында «Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы, подполковник Бабай Алдабергенов те әскерилерді ұлы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеп, әскери өмірге қызықтырып, Отанды қорғау – азаматтық борыштары екендігін түсіндіру керектігін жеткізді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер