Тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы қалай дамыды?

64

Еліміз Тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы қандай жетістіктерге жетті? Және бүгінде аталған сала қалай дамып жатыр?

Осы мәселеге қатысты «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев пікір айтты.

«Алдымен агроөнеркәсіп және агрокешен бойынша заңнаманы қалыптастырдық. Бүгінде заң жағынан кінәрат жоқ, халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Ал ол оның тиісті деңгейде орындалуы бөлек мәселе. Екінші ірі жетістік, мал шаруашылығына қатысты. Атап айтқанда, отандық мал тұқымын тазаладық. Біздегі ірі, ұсақ болсын малдың тұқымы таза. Сондықтан да алыс-жақын шетелден Қазақстанның малына деген сұраныс жоғары. Ауыл шаруашылығы саласындағы үшінші жетістік, 2003-2005 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Ауыл жылы» аталып өтілді. 3 жылдық ауылды дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізінде көптеген ауылға айтарлықтай жан бітті. Оның ішінде инфрақұрылым, жұмыс, тұрғын үй, мектеп, аурухана және ауыл әлеуеті дами түсті», - дейді ол. Сенат депутатының айтуынша, ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыс жалғасын табады. «Бүгінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы іске асып жатыр. Одан бөлек, ауыл шаруашылығын ілгерілетуге арналған ұлттық жоба бар», - деді Ә. Бектаев.

Айта кетсек, бүгін елордада «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» тақырыбында конференция өтіп жатыр. Республикалық конференция Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «30 игі іс» акциясының аясында ұйымдастырылып отыр. Және оған Сенат депутаттары, құзырлы мемлекетік орган өкілдері мен ауыл шаруашылығы саласы мамандары қатысып жатыр. Аталған шара «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket