Тәуелсіздік жылдарында елдің транзиттік әлеуеті бірнеше есеге артты

39

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанды өңірлік логистикалық хабқа айналдыру, транзиттік әлеуеті дамыған елдің қатарына жеткізу стратегиялық шешіміне екпін қойылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында көлік логистикасы жүйесінің тиімділігін арттыруды және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды тапсырды. Бүгінде 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған елдің көлік саласы экономиканың серпінді дамуының драйверлерінің бірі болып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер жұмсап келеді. Осы орайда бірқатар салалық бағдарламалар іске асырылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Көлік қызметтерін көрсетудің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды.

Жаңа магистральдық темір жол желілеріне ауқымды инвестициялар қазақстандық инфрақұрылымды жаһандық көлік-логистикалық ағындарға интеграциялады және уақыт пен жеткізу жылдамдығы бойынша бәсекеге қабілетті Қазақстан аумағы арқылы жаңа транзиттік дәліздерді қалыптастыруға мүмкіндік берді:

• Қытайдан Еуропаға Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы (Солтүстік ТТЖМ),

• Қытайдан Еуропаға Каспий, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы (ТХКМ),

• Қытайдан Орталық Азияға,

• «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Түрікменстан, Иран аумағы арқылы Парсы шығанағы елдері бағытында.

Дамыған инфрақұрылымды ескере отырып, Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз, оның ішінде 5 теміржол және 6 автомобиль дәлізі өтеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстан аумағы арқылы шығыс-батыс бағытындағы жерүсті бағыттары бойынша 10-нан 12 мың шақырымға дейінгі қашықтықта жеткізу жылдамдығы 13-16 күнде қамтамасыз етіледі. Осылайша, трансқазақстандық дәліздер бойынша жеткізу теңізбен салыстырғанда 3 есе жылдам, әуе көлігіне қарағанда 10 есе арзан және бұл трансконтиненталдық тасымалдардағы жаңа логистикалық шешім.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket