Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1800-ден астам мектеп салынды

847
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам мектеп салынды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 1999 жылдан бері 10 есе өсті. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам мектеп салынды. 21 Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Біз кадр дайындаудың жаңа тәсіліне көштік», - деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, мемлекеттік білім беру тапсырысы жыл өткен сайын көбейіп, соңғы 20 жылда оның саны 5 есе өскен.

«Күрделі кезеңге қарамастан «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Білім беру саласының ең озық мекемесіне айналған Назарбаев Университеті құрылды. Ғылым саласын дамытуға арналған қаржы көлемі бірнеше есе артты. Соның арқасында жаңа институттар мен ғылыми орталықтар ашылуда, жас ғалымдардың қатары көбеюде», - деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер