Азаттықтың алғашқы қарлығаштары - Желтоқсан қаһармандары

1118
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мегаполистің Түрксіб ауданында, «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Желтоқсан бірлестігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, «Желтоқсан» саябағы былтыр ашылды. Ал бүгін осы жерде монументтің іргетасы қаланды.

Бұл Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орайластырылып отыр. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындықты біз бір жыл бұрын бастап кеттік.

«Желтоқсан» саябағының орны мен атауы желтоқсан бірлестіктерінің өкілдерімен бірге анықталды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монументті орнату туралы тиісті шешім қабылдады. Бұл күн біздің қаламыздың тарихындағы маңызды оқиға болатынына сенімдімін», - деді қала әкімінің орынбасары. Ержан Бабақұмаров жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Саябақтың ашылуы, болашақта ескерткіш орнату – бұл желтоқсан батырларына құрмет қана емес, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау, болашақ ұрпаққа жеткізу. «Желтоқсан» саябағы үлкен әрі оған келетіндер де көп болады – оны абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұрын бұл қараусыз қалған сквер болатын, ал енді қала тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістікті аралай отырып, біздің халқымыздың тарихымен танысады», - деп атап өтті ол.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatyda-zheltoksan-eskertkishinin-irgetasy-kalandy_a3873508

Пікірлер