«Желтоқсан – ел тәуелсіздігінің бастауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

815
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында Алматыда «Желтоқсан – ел тәуелсіздігінің бастауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильмде 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың тағдыры баян етіледі. Мұнда көрерменге бірегей архивтік кадрлар, эксклюзивті сұхбаттар ұсынылған, елдің саяси жаңару процесі қарапайым әрі түсінікті тілде айтылады.

Жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов деректі фильмнің маңыздылығын атап өтті.

«Фильм өте жақсы, шын мәнінде деректі болып шықты. Мұрағаттық құжаттар, хроника, желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен қатысушылардың әңгімелері пайдаланылды. Алматы әкімдігінің қолдауымен желтоқсаншылардың тарихы мен рөлін объективті бағалау үшін тағы бір маңызды қадам жасалды», - деді жазушы.

Фильмнің премьералық көрсетіліміне Желтоқсан ұйымының өкілдері шақырылды. Олардың қатарында Нұрлыбек Қуанбаев, Гүлбаһрам Жүніс, Мырзағұл Тәжіғұлұлы, Үміт Босманова, Талғат Рысқұлбек, Гүлмира Баятқызы бар.

 

 

Пікірлер