Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қазақстандық трио Францияның бірнеше қаласында өнер көрсетеді

1456
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Францияның ең беделді концерт залдарында классикалық музыка туындыларын қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Франция қалаларына гастрольдік сапарға шықпақшы. Қазақстандық ұжым 15 желтоқсанда Сortot сахнасында, 16 желтоқсанда Мюлуздегі Theatre de la sinne сахнасында, 17 желтоқсанда Нансидегі Мэрия сарайында және 22 желтоқсанда Лиондағы «Моliere» залында концерт береді.

«Еуропа тыңдармандарына қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Батыстың классикалық музыкасынан таңдаулы туындылар ұсынылады», - дейді ұйымдастырушылар. «FORTE TRIO» пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиевтің жетекшілігімен өнер көрсететін ең танымал қазақстандық камералық-аспаптық ансамбль болып саналады.

Музыканттар үштігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымның құрамында жұмыс істейді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер