Тәуелсіздік күні: Алматыда митинг өтіп, интернет желілері өшті

6130
Adyrna.kz Telegram

Алматыда күндізгі сағат 11-ден өте бере Республика алаңы аумағында интернет өшті. Алаңды бақылаған полицейлер қарасы көбейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Бұған дейін алаң екі жағынан: Желтоқсан мен Назарбаев көшесі жағынан жабылған болск күндізгі 11-ге қарай жабылған аумақ көлемі ұлғая түсті. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, қазір алаң орналасқан Сәтбаев көшесі батысында – Наурызбай батыр, шығысында - Назарбаев, жоғары жақтан – Темирязев пен төменгі жақта Абай көшелері жағынан бекітілген. Алаңда шамамен елу шақты адам жүр. Желтоқсан көшесінен төмен қарай автозактар тұр.

Маска тағып, бет жүзін жасырған "белгісіз" азаматтар алаңда жүргендерді видеоға түсіріп жүр.

Мұнда таңертең қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысқан ресми шара өткен.

Бұған дейін тіркелмеген Демократиялық партия және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Нұр-Сұлтан соты ҚДТ-ны "эстремистік ұйым" деп танығанмен Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған) жақтастарын 16 желтоқсан митингіге шақырған. Митинг орны ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу мемориалын атаған.

16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігі күні. Бұл күн Қазақстанның жаңа тарихында тағы екі оқиғамен байланысты аталады. Осыдан 34 жыл бұрын дәл осы күні Кремльдегі биліктің Геннадий Колбинді советтік Қазақстанға басшы етіп тағайындағаннан кейін қазақ жастары Алматының орталық алаңына жиналып, наразылық танытқан. Совет билігі жастардың бейбіт митингісін күш қолданып, басып-жаншыған. Митингіден кейін жүзге жауапқа тартып, соттаған, жұмыстан шығарған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер