Ел ағаларына құрмет көрсетілді

4845
Adyrna.kz Telegram

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында түрлі салада еңбек еткен ардагерлер бас қосты. Қаланың өркендеуіне үлес қосқан ел ағаларына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

— Ынтымақ пен бірліктің арқасында еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын сәтті еңсеріп, дербес даму мен өркендеу жолына түсті. Сіздер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең күрделі кезеңдерді, сындарлы шақтарды бастан өткіздіңіздер. Өтпелі кезеңнің барлық ауыртпалықтарын көтере білдіңіздер! Сол арқылы осындай тәуелсіз ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасадыңыздар! Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласы да бүкіл елімізбен бірге даму мен өркендеудің жаңа сатысына көтерілгені баршаға мәлім. Қажырлы еңбектеріңіз арқылы қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қостыңыздар! Бүгін Сіздерге табыс етіліп отырған мемлекеттік наградалар мен марапаттар елге сіңірген еңбектеріңізге берілген лайықты баға!- деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Мырзахметов жиынға келген ел ағаларын мерекемен құттықтады.

А. ҚҰЛЖАНОВ
Суретті түсірген С. ҚОСАЕВ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер