Қапшағай қаласында оңалту орталығы ашылды

3458
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 50 орынға арналған оңалту орталығын Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы мен «Қапшағай Самға» мүгедектер бірлестігінің басшысы Абдуллаев Марат Бекенұлы ашық аспанымызда еркін желбіреген көк туымыз түстес лентаны қиып, салтанатты түрде ашты. Бұдан кейін Батыржан Құлаймергенұлы, қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлы және Марат Бекенұлы өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп, барлығын мерейлі мерекемен құттықтады. Игі істің қуанышына ортақтасқан қалың қауымға шашу шашылып, қуаныш тілектер де айтылды. Бүгінгі сән салтанатымен ашылған заманауи әдіспен салынған ғимарат қажетті талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтылған, керекті деген тұз кешені, физиотерапия, сылап-сипау, денешынықтыру, фито бөшкесі, зертхана орталығы, тірек қимыл қозғалысына арналған бөлмесі, жатын және жуыну секілді 25 бөлме қарастырылған.

Мұнда негізінен әртүрлі жүйелері мен тірек –қимыл аппаратының функционалдық мүмкіндіктерін толық қалпына келтіру, онымен қоса күнделікті өмір мен еңбек жағдайларына компенсаторлық бейімделуді дамыту қызметтері көрсетіледі. Орталықта кардиолог, неврапотолог, травматолог, диабетолог сынды дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлері, яғни 21 адам жұмыс жасайды. Онымен қоса, емделушілер бұл жерге арнайы Covid-19 сараптамасынан өтіп, сынамасы таза шыққандар қабылданады. Сондай-ақ, оңалту орнында тұрғындарға 4 уақыт ас беріледі. Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан ашылған орынды кеңейту ой алынған. Болашақта жылына мың адамға дейін жеткізу көзделген. Нысан аумағы 964 м/2 алады. Жалпы Қапшағайда 1453 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер