Әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

2407
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де (бұдан әрі — Орталық) бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Тәуелсіздік тірегім» атты іс-шарасы өткізілді.
Аталған Орталықта «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің төрағасы ауысып, жаңадан кәсіподақ төрағасы болып еңбек терапиясы нұсқаушысы Асқар Усенбаев орталық ұжымының келісілген дауысымен сайланған. Орталықтағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 140 адамға жуық.
Іс-шарадағы алғы сөзді орталық директорының міндетін уақытша атқарушы, жаңадан тағайындалған директордың әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары Тұрлыбеков Көпжан Тастанұлы ашты. Ұжым мүшелерін құттықтау үшін келесі сөз «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлына берілді.
Филиал төрағасы Серік Елемесұлы «Тәуелсіздік жылдарындағы» еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала өтіп, оған өзіндік үлес қосып, кәсіподақ белсенділері болып жүрген орталықтың бірқатар әлеуметтік қызметкерлеріне филиал наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, орталықтың емдік-дене шынықтыру нұсқаушысы Тоқушова Салтанат Сағидуллақызы, шаруа бикесі Одуденко Татьяна Павловна, дәрігер-психиатры Айтмирзаева Гүлмира Тоғысбайқызы «Құрмет грамоталарымен» және орталықтың санитар-тазалаушысы Серікбаева Ұлбике Әбдікәрімқызы, еңбек терапиясы нұсқаушысы Рүстемов Аднабек Тілләбекұлы, медбикесі Жолымбекова Ғалия Махсұтқызы Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер