Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері айтылды

1938
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің және өңірдің жеткен жетістіктері мен барлық бағыттағы даму сатылары талқыланған дөңгелек үстел болып өтті.

«Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Түркістан облысының басты жетістіктері» тақырыбында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары және өңірдегі тарихшы, ғалымдар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Биылғы жыл еліміз үшін ең елеулі оқиғалардың бірі – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы. Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алар орны ерекше. Аса көрегенділікпен жүргізілген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде біз төрткүл дүниемен терезесі тең, шекарасы айқын, еркін елге айналдық. Елбасы жарлығымен Түркістан облысының қайта құрылып, рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесі берілуі – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын осы жылдар ішіндегі өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамып, жастарға жасалған қамқорлықтың артқаны мен Түркістанды түлетудегі Елбасының орны айрықша екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, басқосудың басты тақырыбы жөнінде баяндама жасаған «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Әдемау Толысбаева, Түркістан облыстық ассамблея жанындағы өзбек этно-мәдени бірлестігінің мүшесі, «Жанубий Козоғистан» газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Забираш Адилбековалар Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жеткен жетістіктері мен этносаралық тұрақтылықтың сақталуы, инвестициялық өсім мен Түркістан облысын дамытудағы Елбасының еңбегі жөнінде ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Пікірлер