Жас оқырмандар «Қылует» этномузейіне саяхаттады

3776
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Қылует» этномузейіне саяхат ұйымдастырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған саяхатта оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті.
Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме – «Қыш кітаптар бөлмесі», екіншісі – «Махаббат бөлмесі, одан кейінгі бөлме – мешіт, келген адамдар бұл жерде отырып құран оқиды. «Аспан мен жердің арасы» деп аталатын ең соңғы бөлмеде төбедегі арнайы тесіктен жарық түсіп, температура күні-түні 25 градус болып тұрады. Этномузейдің басқа бөлігі ежелгі ортағасырлық әдіспен салынған.
Қазақстандағы қолданбалы археологияның негізін қалаушы, көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен айналысатын Кендебай ағаның өнеріне жас оқырмандар тәнті болып, керемет әсер алғандарын жеткізді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер