Өзбекстан мен АҚШ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында американдық және өзбекстандық іскер топтар өкілдері үшін бизнес-форум өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ташкентте Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзақовтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Дональд Лу бастаған АҚШ делегациясымен келіссөздерінің қорытындысы бойынша тиісті келісімге қол жеткізілді.
- Кездесу барысында өзбек тарапы АҚШ-қа Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесінде көрсеткен техникалық және консультациялық көмегі үшін ризашылығын білдірді, - деп жазады басылым.
Әңгімелесу барысында инвестициялық саясат пен мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша техникалық көмек жобасын іске асыру перспективалары да қарастырылды.
"Адырна" ұлттық порталы